Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жекке өзін ұсынды. Орта салмақтан мексикалық Сауль "Канело" Альварес (54-1-2, 36 КО) орта салмақтан кеткеннен кейін жапониялық боксшы WBA желісі бойынша жалғыз чемпион болып қалды. Ал Мурата орта дивизионда IBF және IBO чемпионы Генадий Головкинге (41-1-1, 36 КО) келесі қарсылас болуы мүмкін екені айтылған. Жәнібекте екінші дәрежелі WBO Global және WBC Continental Americas белбеулері бар, – деп жазады Vesti.kz.
"160 фунт. WBA Super? Боб Арум мен Top Rank, қане осыны жасайық. "Қазақша стиль“ Муратаға қарсы", - деп жазды Әлімханұлы "Твиттерде".