Полиция үйді қоршауға алды.
Оқиға Естай көшесі №134/1 үйдің ауласында орын алған. Ақпаратты Павлодар облысы полиция департаменті растап отыр.
Бұл туралы ақпарат алғашында желіде таралған болатын. Жазбаның астына оның өте мейірімді адам болғаны, көршілеріне үнемі көмектесіп жүретіні туралы пікірлер жазылған.
Аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Жанна Белялова: «Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктінің кім екенін анықтап, оны ұстау бойынша жұмыстар жүріп жатыр. ҚР ҚПК 201 бабы бойынша тергеуге қатысты басқа ақпараттар таратылмайды», – деп мәлімдеді. Бұл бап бойынша 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.