Доллар, соғыс, пандемия: Вассерман 2021 жылға болжам жасады

Доллар, соғыс, пандемия: Вассерман 2021 жылға болжам жасады

Белгілі ғұлама, публицист және тележүргізуші Анатолий Вассерман 2021 жылға болжам жасады, - деп жазады РЕН ТВ.

Оның пайымынша, доллар биыл құлдырамайды.

"Қазір халықаралық сауда-саттықтың басым бөлігі доллармен төленеді. Сондықтан әлемдік экономиканың бүкіл күші долларда.  Жаһандық еңбек бөлінісі, трансшекаралық тауар ағыны өсіп тұрған мына заманда доллардың салмағы да өседі. АҚШ шығынын өзге елдер есебінен төлеп отыр", - дейді Вассерман.

Оның ойынша, 2021 жыл өткен жыл секілді коронавирустың ықпалымен өтеді. Бүкіл әлемде вакцина салу процесі үш жылға созылады.

"Табиғат адамнан күшті және біз күтпеген құбылыстар көп болады. Сондықтан қазіргі пандемиядан сабақ алып, жағдайды ушықтырып алмас үшін бәріне сақ болу керек", - дейді ол.

Вассерман АҚШ пен Түркияның іс-қимылына болжам жасады. Биыл осы екі елдің арасында үшінші дүниежүзілік соғыс "басталып кетуі" де ғажап емес.  Сондай-ақ Вассерман Донбастағы даулы жағдай көктемде ушығуы мүмкін деп есептейді.