AMANAT партиясының жаңалықтар топтамасы
Депутат Жанарбек Әшімжанның сөзінше, мәселен, «Феминита» деген ұйым тіпті мектеп оқушыларының чатына «жыныстық қатынасқа баулитын, қалай гомосексуалист, лесбиянка болу жолдарын үйрететін іс-шараға» шақырулар таратқан екен.
Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановтың айтуынша, бүгінде алаяқтардың қоңырау шалмаған немесе күмәнді хабарлама жібермеген адам кемде-кем.
"AMANAT" инклюзивті білім беруді қолдайды: ауылдық мектептерде жаңа кабинеттер ашылды.
Сергеев су қоймасындағы су деңгейі біртіндеп төмендеп келеді.
Балалар мен ата-аналар үшін ең басты сый елорданың ірі сауда-ойын-сауық орталығындағы кинотеатрға шақыру болды.
Акция барысында жақында жаңғырту жұмыстарынан өткен «Ботаникалық баққа» 1 000-нан аса әртүрлі ағаш көшеттері отырғызылды.
Қызылорда да «AMANAT» партиясының «Тұран» бастауыш партия ұйымына қарасты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Ботаникалық бағында» «1000 ағаш – 1000 арман» атты көшет отырғызу акциясы өтті.
Депутаттар ядролық қауіпсіздік саласындағы жаңа заң жобасын қарайтын болады. Оның тұжырымдамасын Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов бастаған делегация Алматыдағы Ядролық физика институтының ғалымдарымен бірге талқылады.
«АМАNАТ» партиясының қолдауымен Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында Бекет ата Мырзағұлұлының 275 жылдығына орай «Бабамның төрі – Байтағым» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Аламан айтысты Жаңаөзен қаласының әкімдігі ұйымдастырды.
Заңгерлер аресте тұрған шоттарды ашу, кредитті қайта құрылымдау рәсімінен өткізеді.
Шеберхана жылына 300-ден астам киіз үй шығарады.
Кеңеске қатысушылар кейбір өңірлерде кезекте тұрған азаматтар саны мен тұрғын үй беру көлемі арасында айтарлықтай айырмашылық бар екенін атап өтті.
Алматы қаласында әскери патриоттық, спорт және құтқарушыларды дайындау саласындағы ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылды.
Қызылорда қаласы бойынша түрлі бағытта жұмыс істеп тұрған 279 шаруа қожалық бар.
ҚКП Орталық партия мектебімен тәжірибе және озық оқыту әдістемелерімен алмасу бойынша ынтымақтастыққа мүдделі екенін жеткізді.
«Таза бейсенбі» экологиялық акциясы қоғамдағы экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үндейді.
Сарапшылар бұл нәтижелерді елде жүргізіліп жатқан реформалардың оң қабылдануымен байланыстырады.
«AMANAT» партиясы жанындағы білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің отырысында тәуелділікті емдеу және психикалық бұзылыстармен күресу саласындағы жағдай талқыланды.
«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының Жол картасын жүзеге асыру бойынша Абай облысының әкімдігі есеп берді, деп хабарлайды Аikyn.kz.
Бүгін «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының Жол картасын жүзеге асыру бойынша Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов аймақтағы ахуалдың есебін берді, деп хабарлайды Аikyn.kz.
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Жетісу облысының шекаралық Панфилов ауданындағы Алмалы, Қырыққұдық, Тұрпан және Ақжазық ауылдарында жаңа дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға берілді.
Наурыз мейрамы қарсаңында "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Қызылорда облысы Қазалы ауданына қарасты Ақтан батыр ауылы табиғи газға қосылды.
Қазақстанда ана мен бала денсаулығы өзекті мәселе күйінде қалып отыр.
Халқы сирек қоныстанған өңірлер инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы мәселесіне тап болуда.
Бүгінгі Мәжіліс отырысында Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров шекара аймағындағы тұрғындардың азайып бара жатқанын айтты.
«Almaty clean & green» акциясы қала тұрғындарын біріктіріп, олар көшелерді, қоғамдық орындарды, саябақтарды, скверлерді және өзен жағалауларын тазалау жұмыстарына белсенді қатысты.
Наурыз – тазалықтың мерекесі.
Турнир қорытындысы бойынша, жеңімпаздар медаль, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы арқылы 850 мыңға жуық қазақстандық азамат қаржылық сауатын арттырды.
Жастарды қолдау кеңесінде Мемлекеттік орган өкілдерінен жастар арасындағы жұмыссыздық бойынша баяндама тыңдалатын болады.
Енді осынау Конституциялық сот Әділетті Қазақстан құрып жатқан құқық жүйесіне не берді?
1990 жылдардың басында елімізде нақты плюрализм мен демократияға бағытталған іс-қадамдар болды. Парламент пен атқарушы билік арасында тепе-теңдік сақталып, конституциялық құрылысты бақылап отыратын институттар жүйелі жұмыс істеді.
Депутат енді мұғалімдер мен барлық қоғам сапалы білім мен саналы тәрбие жұмыстарын одан әрі күшейтуі қажет екенін айтты.
Зайытовтың айтуынша, бүгінде Парламенттің ықпалы айтарлықтай артып, халық депутаттардың кім екенін, олардың не істейтінін тереңірек түсінді.
19 наурыз – Наурызнама онкүндігі бойынша Жаңару күні, яғни қоғамның барлық салаларын жаңарту, ағаш көшеттерін отырғызып, түрлі экологиялық акцияларға үн қосу.
Қазақстанда әр іс-әрекеттен заң мен тәртіпке деген құрмет көрініп тұратын әлеуметтік мемлекеттің айшықты бейнесі айқындалып келеді.
Шеберлік сабағына ұлттық киім құпияларын зерттеп, оны қазіргі сәнге енгізуге қызығушылық танытқан «Дизайн» мамандығының студенттері қатысты.
2 мыңнан аса егде жастағы адам арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылған.
«Қарызсыз қоғам» жобасы 2023 жылы 2 мамырда 12 банктің және 11 мемлекеттік органның қолдауымен бастау алған болатын.
Наурызнама: Ұлттық киім күні.
Наурызнама онкүндігінде қариялардың батасын алу, олардың өмірлік тәжірибесі мен даналығын бойға сіңіру дәстүрге айналған.
Экскурсияға Қостанай қаласындағы №8 орта мектептің 60-қа жуық оқушысы қатысты.
Наурыз мерекесі аясында жастар ардагерлерге құрмет көрсетті.
Көрнекті жазушы «Бірге кітап оқиық!» аманатын қабылдап, өзінің жан досы болған, жазушы марқұм Дулат Исабековтің «Қарғын» романын оқуды ұсынды.
Мереке соңында Әйелдер қанатының атынан 350 ерекше балаға сый-сияпат табысталды.
Партия өкілдері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында сенбіліктер өткізіп, көктемгі абаттандыру жұмыстарына белсене қатысуда.
«AMANAT» партиясы ел аумағында бірқатар игі іс-шаралар ұйымдастырды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда "AMANAT" партиясы ұсынған заңды мұқият қарауды тапсырды. Бұл туралы Ақорданың ресми Telegram арнасы хабарлады.
Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан IV Ұлттық құрылтай туралы өз пікірін білдірді.
Халықты әлеуметтік қолдау бағыты – аймақ дамуының деңгейіне әсер ететін көрсеткіштердің бірі.