Қытайдың бай кәсіпкерлерінің бірі, Alibaba компаниясының негізін қалаушы Джек Ма жоғалып кетті, деп жазады Yahoo Finance.
Ма өзінің соңғы твитін 1 қазанда жазған. Көпшілік оны 2 ай көрмеген. Сонымен қатар кәсіпкер африкалық кәсіпкерлерге арнап өзі ұйымдастырған Africa’s Business Heroes байқауының қорытынды кезеңіне судья ретінде келмеген. Alibaba өкілдері бұны оның жұмысының көп болуымен байланысты деп түсіндірді.Джека Ма өткен жылдың соңында Қытай билігімен келіспей қалған. Билік тарапынан оның компаниясына тексеру басталғаны белгілі. Кәсіпкер осы проблемадан кейін 10 млрд доллардан астам қаражат жоғалтты.
Сарапшылар Маның бизнес-империясына биліктің қысым көрсетуін оның ұлғайып, бағынбай кетуінен қауіптенуден болған деп есептейді.