Қытай билігі активтерді басқарумен айналысатын China Huarong Asset Management Co., Ltd компаниясының бұрынғы төрағасы Лай Сяоминьді өлім жазасына кесті. Бұл туралы Синьхуа хабарлайды. Сяоминь пара алды және қос әйел алды деп айыпталуда. Одан қалды ол кей адамдардың қызметте көтерілуіне әсер етіп, компанияда тексеріс жүргізуге кедергі келтірген. Билік мәліметінше, компанияның бұрынғы басшысы ірі көлемде қаржылай сыйлық алып, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған. 2018 жылы ол партияның тәртібін бұзғаны үшін партиядан шеттетілген.