Әлемдегі беделді басылым Time журналының нұсқасы бойынша шведтік эко белсенді Грета Тунберг "Жыл адамы – 2019" атанды.
Журнал редакторының айтуынша, Грета Тунберг – 92 жылдық тарихы бар сыйлықты алған ең жас тұлға. Ол климаттық өзгерістермен күресіп жүрген белсендінің бірі.Ол 2018 жылы сабақтың орнына швед парламентіне барып, климаттың өзгеруіне қатысты шараларды күшейтуді талап етуімен көзге түскен. Оның жұма сайын өтетін климатқа қатысты бұл бастамасы FridaysForFuture ереуілінен халықаралық қозғалысқа ұласты.
Ал биыл Грета БҰҰ-да сөз сөйлеп, осы жаһандық климат мәселесін көтерген әлемдік көшбасшыларды "балалығымды ұрладыңдар" деп кінәлаған болатын.