2004-2017 жылдар аралығында 40 миллионнан астам гектар орман жойылып кеткен. Бұл туралы Euronews хабарлайды. Ормандар Бразилия, Парагвай, Аргентина, Малайзия, Индонезия және Мадагаскар елдерінде жылдам қарқынмен жойылып барады. Сарапшылардың пікірінше, жаһандық ағаштардың кесілуі мәселесінің 10% Еуропа елдерінің сиыр еті, соя бұршағы, тері, кофе, какао, резеңке және пальма майы сияқты өнімдерге деген сұранысына байланысты. Бірнеше күн бұрын БҰҰ соңғы 30 жыл ішінде шамамен 420 миллион гектар орман жоғалғанын хабарлады, бірақ ормандарды кесу деңгейі біртіндеп төмендеуде. Әлемдегі ормандардың жартысынан көбі бес елде: Ресей, Бразилия, Канада, АҚШ және Қытай.