Қазақстанның үш өңірі коронавирустың таралу қаупі бойынша «қызыл» аймаққа енді. Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, 16 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Қостанай облыстары «қызыл» аймаққа енді. Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары «сары» аймақта. Қалған өңірлер «жасыл» аймақта тұр.