Трампқа импичмент жарияланды

Трампқа импичмент жарияланды

АҚШ конгресінің Өкілдер палатасы Америка президенті Дональд Трампқа «билікті теріс пайдалану» және «сот төрелігіне кедергі жасау» баптары бойынша импичмент жасауға дауыс берді.

Конгресте тағылған екі айып­тың әрқайсысы бойынша екі да­уыс беру өтті. Билікті теріс пай­далану бабы импичмент үшін конгресмендердің 230 даусын жинап, 197 конгресмен қарсы дауыс берді. Конгресс жұмысына кедергі келтіру туралы бап им­пичмент үшін 229 дауыс жинаса, 198 дауыс оған қарсы болды. Ал импичмент жариялауға айып тағылған екі баптың кез келгені бойынша 216 дауыс жинау жет­кілікті болатын. Нәтижелер па­р­тиялық негізде бөлінді, демо­крат­тар ұсынған парламенттік көп­ші­лік импичмент үшін дауыс берді, республикашылар қарсы болды.

Өткен аптада демократтар конгресте 658-беттік баяндама жариялап, президентті парақор­лық және Украина президентін АҚШ-тың бұрынғы вице-пре­зиденті Джо Байденге қарсы тергеу бастауға мәжбүрледі деп айыптаған болатын... Трамп болса Украина билігінен сыбай­лас жемқорлықпен күресуді та­лап еткенін айтады.

Дональд Трамп АҚШ тари­хында конгрестің Өкілдер пла­тасы импичмент жариялаған үшін­ші президент атанды. Енді Трамп­тың өз міндеттерін жал­ғастыруы жөніндегі мәселені 2020 жылғы қаңтарда Сенат шешуі тиіс. Бұл турасында Би-Би-Си хабарлады.

Дегенмен бұл дауыс беру Құрама Штаттар президенті өзінің постынан кету керек дегенді білдірмейді, сонымен қатар ресми жарияланған импичмент оның келесі мерзімге президент болып сайлануына кедергі келтіре алмайды.