Қытай ғалымдары 2021 жылы коронавирусқа қатысты ахуал нашарлайтынын болжады, деп хабарлады South China Morning Post. Мамандар 2020 жылға қарағанда биыл өлім-жітім көрсеткіші жоғары болатынын айтады. Бірқатар зерттеу жүргізген ғалымдар 2021 жылы наурызда 5 миллион адам көз жұмуы мүмкін екенін ескертті. Қазір әлемде коронавирустан 2 миллионға жуық адам қайтыс болған. Сарапшылардың болжамынша, АҚШ-та коронавирус қатты өршиді. Бұған дейін Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті, медицина профессоры Алмаз Шарман Қазақстанда коронавирусты жұқтыру 2 наурызда шарықтау шегіне жететінін айтқан болатын.