SpaceX компаниясының негізін қалаушы Илон Маск көмірқышқыл газын алудың ең жақсы технологиясын ойлап тапқан адамға 100 миллион доллар төлеуге уәде етті. ⠀ "Мен көмірқышқыл газын ұстаудың ең жақсы технологиясын жасағандар үшін сыйлық ретінде 100 миллион доллар беремін", - деп жазды Маск Twitter-де. Ол осы ұсыныс туралы толығырақ келесі аптада айтуға уәде берді. ⠀ Ұстау дегеніміз - көмірқышқыл газын өнеркәсіптік және энергетикалық көздерден бөлу және оны атмосферадан ұзақ мерзімге оқшаулау процесі. Көміртекті ұстаудың негізгі мақсаты - күннің жаһандық жылынуы мен қоршаған ортаның ластануымен күресу.