Ирандық спортшы Қасымбаймен реванш үшін 44,5 млн теңге сұрап отыр

Ирандық спортшы Қасымбаймен реванш үшін 44,5 млн теңге сұрап отыр

"Парсыдан шыққан дағыстандық" лақап атты файтер Мохаммед Хейбати (3-0) Fight Nights Global Youtube арнасына берген сұхбатында тағы да қазақстандық Мұратбек Қасымбаймен қарымта кездесу туралы сөз қозғады. Спортшылар арасындағы жекпе-жек Мәкеудегі AMC Fight Nights 99 турнирінде өтті. Төрешілер жеңісті Хайбатиге берді, алайда, қазақстандық спортшының командасы мұнымен келіспеген болатын. Мохаммед Хейбати реванш үшін 8 миллион рубль ( 44,5 миллион теңге) сұрап отыр. "Егер қарымта қаласа, сегіз миллион рубльге келісемін. Қазақтарда ақша бар. Төрт мың адам 2 000 рубльден шығарса, сегіз миллион шығады. Алайда Fight Nights-тан қайтадан сұрағым келмейді. Жекпе-жек керек пе? Төлеңдер",– дейді Хейбети. Сұхбат барысында ол UFC чемпионы Петр Янды жеңгісі келетінін айтты.