Сонымен, азаматтарды қабылдауды 2 ақпанда депутат Қайнар Абасов бастаса, 4 ақпанда – Сырым Адамбаев, 9 ақпанда – Тілектес Адамбеков, 11 ақпанда – Мәди Ахметов, 16 ақпанда – Самат Ақышев, 18 ақпанда – Әлия Әбсеметова, 23 ақпанда – Данияр Әлімбаев, 25 ақпанда – Ғалым Әміреев өткізеді.
Сондай-ақ Nur Otan партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде ақпан айында бірқатар Үкімет мүшелері де азаматтарды қабылдайды. 3 ақпан – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, 5 ақпан – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, 17 ақпан – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, 18 ақпан – Премьер-Министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, 19 ақпан – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, 24 ақпан – Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, 25 ақпан – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов және 26 ақпанда Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев азаматтарды қабылдайды. Қабылдауға жазылу үшін төмендегі нөмірлерге хабарласу керек:- Call-орталық 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);
- Whatsapp 8700 800 4441
- komek@nurotan.kz
Талдау көрсеткендей, халықты негізінен әлеуметтік қамсыздандыру – 30%, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 16%, тұрғын үймен қамтамасыз ету – 15%, еңбек даулары – 14%, құрылыс – 9%, білім беру – 9%, медициналық қызмет көрсету бойынша 7% мәселе елді алаңдатты.