Беларуссиядағы МӨЗ-на өнім жеткізу қалпына келтірілді

Беларуссиядағы МӨЗ-на өнім жеткізу қалпына келтірілді

Беларусьтегі мұнай өңдеу зауыттарына Ресей мұнайын жеткізу қалпына келтірілді. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне берген сқхбатында «Белнефтехим» басшысының орынбасары Владимир Сизов мәлімдеген.

Оның айтуынша, тәулік соңына дейін алты мың тонна мұнай айдалады. Компания шикізат көлемі қаңтар айында зауыттардың тоқтаусыз жұмыс істеуі үшін жеткілікті болады деп атап өтті.

«Транснефть» компаниясының ресми өкілі Игорь Демин РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында компания Беларуссиядағы Новополоцский МӨЗ-не 130 мың тонна мұнай айдау туралы өтініш алғанын атап өтті.

Мұнай бағасы

«Белнефтехим» өкілінің айтуынша, Ресейде салықтық маневрдің салдарынан Беларуссия үшін мұнайдың бағасы тоннасына 20 доллардан асады.

Сонымен бірге, осы саладағы жоғары лауазымды дереккөзі РИА Новостиге 2019 жылы мұнай жеткізу әлемдік нарықтағы басқа жеткізілімдерге қарағанда жылына кемінде 1,6 млрд долларға арзанға түседі деп хабарлаған. Келісімінің жылдық стандартты көлемі 24 млн тонна деп бағаланып отыр.

«Беларуссияға басқа елдерден мұнай жеткізілген жағдайда, Ресейге қарағанда 70-80 долларға қымбат тұрады, өйткені ол толық әлемдік бағамен сатып алынады және Беларуссияға тасымалданады», – деген ақпарат көзі.

Сонымен бірге РИА Новостидің сұхбаттасушысы алғашқы күндері Ресей мұнайын Беларуссиялық МӨЗ-ге жеткізуге келісімшарттың болмауы Минск мұнайдың келісімшарт бағасын тоннасына он долларға түсіруді сұрап жатқандығымен байланыстырған.