COVID-19: Екі облыс әлі де «қызыл» аймақта тұр

COVID-19: Екі облыс әлі де «қызыл» аймақта тұр

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанда Ақмола және Павлодар облысы «қызыл» аймақта тұр.

«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласымен қатар Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар. Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта. Жалпы, Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.

Бүгін пневмониядан бір адам қайтыс болды. Коронавирустан шалдыққандар саны 200 мыңнан асты.