Былтыр елімізде мыңнан аса адам зорлау қылмысы тіркелген

Былтыр елімізде мыңнан аса адам зорлау қылмысы тіркелген

Қазақстанда 2019 жылы мыңнан аса зорлық-зомбылық қылмысы тіркелген. Бұл туралы ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді.

Санжар Әділовтің айтуынша, 2019 жылы зорлау ісі бойынша 1047 қылмыс тіркелген. Оның ішінде 154-і, яғни 15 пайызы кәмелет жасына толмаған балаларға қатысты жасалған. Бұл санаттағы қылмыстар 2018 жылмен салыстырғанда азайған.

«Адам зорлау бойынша 120, 121-баптарына байланысты татуласу немесе амнистия арқылы қылмыстық істерді қысқартуға болмайды. Барлық қылмыстық іске қатысты айып тағылып, ол сотқа жолданады. Яғни істі тек сот қарайды. Ешқандай татуласу немесе кешірім алу арқылы қылмыс мерзімі қысқармайды. Ондай мүмкіндік болмайды», – деп мәлімдеді С.Әділов.