Қырғызстан президенті оқшауланды. Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Садыр Жапаров Ресейге баруға дайындалу үшін оқшауланған, – деп хабарлайды РИА Новости.
"Садыр Нұрғожаұлы Ресейге баруға дайындалып жатыр, ол жақында болады. Бүгінде ол коронавирус пандемиясына байланысты эпидемиологиялық қауіпсіздікті сақтау мақсатында оқшауланды", – делінген хабарламада.Қырғызстан президенті аппаратының мәліметінше, сапар нақты қай күні болатыны белгісіз. Дипломатиялық дереккөз мәліметінше, Қырғызстан президенті Ресейге 24-25 ақпанда баруы мүмкін.