Грецияның Крит аралындағы Ираклион университетінің ауруханасында 85 жастағы ер адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырған соң сегіз минуттан кейін қайтыс болды, – деп хабарлайды РИА Новости.
Кәрі адам екпе салдырған соң қабылдау бөлімінде отырған, кенеттен құлап түскен. Дәрігерлер жүгіріп келіп, көмек көрсетіп, жансақтау бөліміне жеткізгенмен, ол көз жұмды.
Болжам бойынша, оның өлімі вакцинадан емес, басқа себептен болған. Ер адам аллергиялық анафилактикалық шоктан көз жұмған. Дәрігерлер бұл күтпеген жерден болған, вакцинамен сәйкес келген өлім деп есептейді, алайда ғылыми тұрғыдан алғанда вакцинадан кейін әлі ешкім көз жұмбаған. Дәрігерлер өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізуді талап етіп отыр.