Өлім-жітімнің ең көбі Техас штатында тіркелген. Штатта ауа райының күрт суытуына байланысты 20 адам қайтыс болды, – деп жазады 24.kz.
Сәрсенбіде ауа райының қолайсыздығына байланысты шамамен 2300 ішкі және халықаралық рейс тоқтатылды.Соңғы мәлімет бойынша бораннан Техастың 300 мыңға жуық тұрғыны жарықсыз, олардың 260 мыңнан астамы әлі күнге дейін сусыз отыр.
Техас, Миссисипи және Кентуккидегі әуежайда жағдай күрделі болып тұр.