Boeing 777 жолаушылар ұшағы АҚШ-тың Денвер қаласынан ұшқаннан кейін оң қозғалтқышы өртенді. Әуежайға қайта қонамын дегенше қозғалтқыштың қаптамасы бөлшектеніп, жол бойы шашылып, жерге түсті. Бортта да, жерде де ешкім жарақат алмаған. Ұшақ бортында 231 жолаушы мен 10 экипаж мүшесі болған. Ұшақ аман-есен оралып, Колорадо штатының Денвер әуежайына қонды. United Airlines рейсі Гонолулуға бет алған. АҚШ федералды азаматтық авиация басқармасы ұшақтың оң қозғалтқышы істен шыққанын хабарлады.