Ол туғанда сондай болған.
Алты баланың ішінде Ульиям Лауренс өзгеше болып туылды. Ол даун синдромымен туған бала.ОНың әкесі Алан - фотограф. Баласының басқалардан айырмашылығын білген ол, оның қысылмай, бар болмысымен қабылдауға үйреткісі келді.
Содан әкесі Уильямды фотошоптың сиқырымен көкке ұшырды.
"Осы суреттерге қарап ұлым өзін ешкімнен кем көрмесе екен деймін. Өзін кемшілігімен қабылдағаны дұрыс. Себебі, өмірінде әлі талай қиындықтар болады. Міне, осылардан сағы сынбай өткенін тілеймін" дейді Алан.
Сондықтан Алан Wil Can Fly жобасын бастап, ұлының суреттерін бүкіл елге таратуға тырысты.
Бір қызығы, бұл аурудың шығу себептері әлі белгісіз. Ол адамды ұлтқа, нәсілге, жынысқа бөлмейді. Даун синдромы әлемдегі барлық нәсілдің адамдарына тән. Соған орай, әлемдегі әрбір 700 сәби даун синдромымен туылады екен.