Семейде 142 жыл бұрын салынған ғимараттағы өртті 10 сағаттан бері әлі сөндіре алмай жатыр

Семейде 142 жыл бұрын салынған ғимараттағы өртті 10 сағаттан бері әлі сөндіре алмай жатыр

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 26 ақпанда сағат 00.46-да Абай даңғылының бойында орналасқан ЖШС-нің екіқабатты ғимаратында өрт шыққан.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына лезде жетті.  1879 жылы ағаштан салынған ғимарат тұтас өртке оранған.

«Қазіргі уақытта 19 техника мен 55 адам өртті сөндіруге атсалысып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, жалын 600 шаршы метр аумақты шарпыды» делінген хабарламада.

Өртке электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау себеп болуы мүмкін.