Қазгидромет тұрғындарға себепсіз алыс жолға шықпауға кеңес береді.
«Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қызылорда және Ақмола облыстарында дабылды ескерту жарияланды», – деп хабарлайды "Қазгидромет"РМК баспасөз қызметі.
Қызылорда облысында дауылдың ықтималдығы 95-100%, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысында-90-95%, Ақмола облысында – 85-90% құрайды.
Мамандар аймақ тұрғындарына боран, тұман және көктайғақ болатынын ескертуде.
Петропавлда да ауа райы қолайсыз болады деп болжануда.