8 жасар бала ашық құдыққа құлап көз жұмды

8 жасар бала ашық құдыққа құлап көз жұмды

Алматы облысы Ақтерек ауылында 8 жастаға бала ашық құдыққа құлап кетіп, көз жұмды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментінде, 19 қаңтар сағат 15.40 шамасында, Жамбыл ауданында, Ақтерек ауылының шетінде, 2012 жылы туған баланың ойнап жүріп абайсызда ашық құдыққа (тереңдігі екі метр болатын ескі су құбырының құдығы) құлап кеткені туралы хабар түсті, бала оқиға орнында қайтыс болды», – деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Оқиға орнына ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық комитеті «Трассов-медициналық-құтқару орталығының» қызметкерлері, «Тарғап», Алматы облысының төтенше жағдайлар басқармасы және Жамбыл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері келді. ҚР ІІМ ТЖК азаматтарды және ата-аналарды қырағы болуға, балалардың қараусыз қалдырмай, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырады.