Ұлыбританияның оңтүстік-батысындағы Девон графтығының Эксетер қаласында Екінші дүниежүзілік соғыс кезінің бомбасы жарылды. Ұлыбритания Қарулы күштерінің инженерлері желіде жарылыс суреттерін жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Біз соңғы екі күн ішінде Эксетерде Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жарылмай қалған бомбаны жою бойынша ауқымды ведомствоаралық операция жүргіздік. Жарылыс болған сәт дрон камерасына түсіп қалған", – делінген полиция хабарламасында.Ұлыбритания Қарулы күштер инженерлері 1000 келі болатын бомбаны жару үшін арнайы қабырғалар тұрғызып, ор қазған. Жарылыс орнына 400 тоннаға жуық құм әкелінген. Жалпы операция барысында 2 мыңнан астам үйде эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек көлік қозғалысы шектелген. Ұлыбританияда Екінші дүниежүзілік соғыста жарылмай қалған оқ-дәрілер әлі күнге дейін бар. Оларды залалсыздандыру үшін билік халықты эвакуациялап отыруға мәжбүр. https://twitter.com/PoliceDrones/status/1366083143195897859?s=20