Оның ішінде бір генерал бар. Одан басқа екі адам жарақат алды. Түркия Қорғаныс министрлігі оқиғаның болғанын растады. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады.
Қайтыс болғандардың бірі – түрік құрлық әскері 8-корпусының командирі, генерал Осман Эрбаш.Апаттың мән-жайы анықталып жатыр.Дереккөздің жазуынша, Бингельден Татванға ұшқан «Кугар» тікұшағымен байланыс үзілген соң, іздеуге ұшқышсыз ұшатын аппарат, CN-235 ұшағы, тікұшақ жіберілген. Іздеу нәтижесінде, тікұшақ құлаған жерде тоғыз мәйіт және жарақат алған төрт адам табылды.