ҰБТ аяқталғаннан кейін тестілеу кезіндегі видеолар бір ай бойы қайта тексеруден өтеді. Егер де емтиханда талапкер тарапынан заңсыз әрекеттер анықталса, онда оның жинаған ұпайы жойылады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның сөзіне қарағанда, ҰБТ-дан кейінгі бір айға жуық уақытта тестілеу кезінде түсірілген бейне жазбалар қайтадан тексеріледі. «Постмониторингке тоқталсақ, бұл тұрғыда ҰБТ тапсырылғаннан кейін 20-30 күн қамтылады, яғни тестілеу кезіндегі видеоматериалдар тексеріледі. Егер де тест кезінде адам көшіріп отырғаны таспадан анықталса, онда ол адам оқудан шеттетіледі. Яғни, оның сертификатының күші жойылады», - деп түсіндірді вице-министр Ұлттық тестілеу орталығында өткен кеңесте.