Америкалық ғалымдар коронавирус пандемиясы қашан аяқталатынын болжады, – деп жазады Bloomberg.
Басылым сарапшылары бүкіл әлем бойынша жасалған коронавирусқа қарсы вакциналау бойынша ірі деректер қорын жинады. Онда пандемияның аяқталуы үшін Жер бетіндегі халықтың шамамен 80%-ына вакцина салынуы керектігі айтылған.
Кейбір елдер (қаражаты, медицина деңгейіне қарай) халықты вакцинациялау шарасын басқа елдерге қарағанда жақсы жүргізіп жатыр. Израиль қазір вакцинация деңгейі жоғары ел болып тұр. 2021 жылдың сәуір айының соңына қарай бұл ел халқының 75%-ына вакцина салып бітеді. АҚШ 2022 жылдың желтоқсанында осы деңгейге жетпек.Барлық деректерді саралай келіп, сарапшылар әлемге коронавирустан құтылу үшін 7 жыл керек деген болжам жасады.
Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) еуропалық өңірлік бюро директоры Ханс Клюге Die Welt газетіне сұхбат беріп, коронавирус пандемиясының қашан аяқталатынын айтқан болатын.