Румыния жағалауында Қара теңізге 13 экипаж мүшесі мінген жүк кемесі батып кетті. Кем дегенде екі адам қаза болды,– деп хабарлады Hotnews.ro. Volgo Balt 179 кемесі Ресейдің Ростов-на-Дону портынан шығып, Румыния Констанцасына бет алған. Ауа райының қолайсыздығы салдарынан кеме суға батып кетті, апат болған жерде толқын биіктігі төрт метрге дейін жеткен. Volgo Balt 179 кемесінің экипажында 13 Украина азаматы болған. Әзірше 10 адам құтқарылды. Экипаждың бір мүшесі әлі табылған жоқ, құтқару жұмыстары жалғасуда.