«Синий фантомас», «Бла Бла» сияқты 8 нысан сот шешімімен жұмысын тоқтатты

«Синий фантомас», «Бла Бла» сияқты 8 нысан сот шешімімен жұмысын тоқтатты

Коронавирус инфекциясын таратпау, карантин режимі мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуын анықтау мақсатында ауданда мониторингтік топтар белсенді жұмыс істеуде.

Жұқтыру қаупі жоғары орындар – қызметіне тыйым салынған мейрамханалар, клубтар, – деп хабарлады аудан әкімі А.Масабаев. Ол қала тұрғындарын аса жауапкершілікпен қарауға және алдын алу шараларын сақтауға шақырды.

– Ауданда адамдар көп жиналатын негізгі орындар, яғни, қауіпті деп – «Небо», «Манана», «Бла Бла», «Артист» (бұрынғы БХБ), «Барвиха», «Бармаглот», «Синий фантомас», «Танцы бары» сияқты түнгі мекемелерді атауға болады. Мысалы, аталған түнгі клубтардың барлығы карантиндік шараларды бұзғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді ол.

Бүгінгі күні аудандық Полиция басқармасынан Медеу ауданының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына 105 шұғыл хабарлама келіп түсті. 92 хаттама толтырылды. Оның ішінде: заңды тұлғаларға 12,4 млн. теңге сомасына – 37; жеке тұлғаларға 2,4 млн. теңге сомасына – 55. Сотқа барлығы 16 материал жіберілді, оның ішінде 2021 жылдың басынан бері қабылданған шаралар – 8 нысан.