Армения: барқыт революция бақытқа бастамады

Армения: барқыт революция бақытқа бастамады

«Революция өз ұландарын өзі жалмайды» деген қанатты сөз бар. 2018 жылы «барқыт төңкеріс» кезінде бас көте­рушілердің көшбасшысы атанып, сол жылғы 8 мамырда мемлекет тізгінін қолына алған Никол Пашинян арада үш жыл өтпей би­ліктен кетудің аз-ақ алдында тұр. Ол былтырғы қыркүйекте Таулы Қарабақтағы Әзербайжанмен қарулы қақтығыс кезінде елде «әскери жағдай мен жалпы мо­­би­лизация» жариялады және ақырына дейін соған жар­масумен болды. Ел бас­шы­­лы­ғының қарсылығына қара­мастан, Ар­мения Ұлттық жиналысы түк мағынасы қалмаған әскери жағдай режимін жойды.

­­­Қалаулылар бірауызды бол­­­ды: «Гүлденген Армения» және «Сауат­­­ты Армения» оппо­зи­­­ция­лық фрак­циялары ұсынған әскери жағ­дай­дың күшін жою туралы ше­­­­шім жо­­басын 118 депутат жақ­­тады, тек бір әріптесі ғана дара­­­ланып, қарсы дауыс беруге ұй­ғарыпты. Сонымен бірге елде кезектен тыс парламенттік сайлау жария­­ланды, ол 20 маусымда өтеді. Армян парламентінің вице-спи­­кері Алена Симонян хабар­­лаған­дай, Н.Па­шинян сайлау өткізіл­генге дейін үкімет басында қала тұрады. Айта кету керек, 2020 жылғы 10 қа­рашада Ресей, Әзербайжан және Армения лидерлері Таулы Қара­­бақта әскери қимылдарды тоқтату туралы мәлімдемеге қол қоя салы­сымен армяндар Па­­­шинянның бұл әрекетіне қар­­­­­сылық білдіріп, кө­­шеге шықты. Арменияда жаңа сая­си дағдарыс басталды. Себебі ол уағдалас­­­тық­тарға сәйкес, әзер­­­бай­­­жандар Қа­­­­рабақтың бір бөлі­­­гіне ие болды. Содан бері барлық армян като­ликосы II Гарегин, Ар­мения­ның бұрынғы үш прези­­денті, ға­лымдар, мәдениет қайрат­керлері, сондай-ақ бас штабтың қол­­бас­шылығы Н.Пашиняннан отс­тавкаға кетуін талап етуде. Бұған жауап ретінде премьер-министр республика Қарулы күш­тері бас штабының басшы­­­­­­лығын ауыстыруға кірісті. Бұған Армения президенті (өкілеттігі үкімет бас­шысына қарағанда аз) Армен Сар­кисян қарсылық та­­­­нытты. 2021 жылғы 11 наурызда премьер-ми­нистр аппаратына осы шешімге қатысты прези­дент­­тің наразы­­­лығы келіп түскен. Премьер пре­­зи­денттің наразы­лығын қабыл­­­­дамай тастады. Осы­­лайша, Никол Па­шинян ресми сайты арқылы «Артак Дав­тян құқық күшімен Армения ҚК бас штабының бас­тығы болып та­ғайын­далды деп есептелетінін» мәлімдеді. Армения үкіметінің басшысы дәл осы веб-ресурсында «44 күнгі соғыстың бастауы» атты мақа­ласын жариялады. Онда Пашинян әзер­­байжандармен соғыста ар­мян­­­дар­дың жеңіске жетпеуіне Ресейді кі­­нәлайды. Елдің бұрынғы басшы­ла­рына да айып тақты. «2011  жылғы  24  маусымда  Иль­хам Әлиев Қазан құжатына қол қою­­дан бас тартты. Осыған қатыс­ты 2017 жылғы 17 қарашада «Рос­сия» телеарнасына сұхбат берген Серж Саргсян Армения Әзербай­­­жанға 7 ау­данды беруге дайын болғанын, бі­­­­­­­рақ Әзер­­­байжан оны місе тұтпай, арты­­ғы­рақ алмақ бол­­­ғанын мәлім­­­­деді. Артығырақ? Бұдан артық не бо­­луы мүмкін? Бұ­ған жауап­­ты Иль­хам Әлиев берді: олар Қара­бақ­­­­тың Әзербай­жаннан тыс мәр­тебе алуы­на жол бер­мей­тінін анық аңғарт­ты», – деген ар­мян премьері көр­­шісімен қақ­­­­ты­ғыстан армян­­­­­дардың бәрібір құ­тылмасын меңзеді. Оппозиция сол қысқамерзімді со­­­ғыста Арменияның жеңіліс та­­буына Пашинянды айыпты са­­­най­ды. Оның байламы бөлек екен. Премьер Армения әскері 80-жыл­­дары Кеңес Одағында жа­салған қару-жарақпен және ұрыс техни­­­касымен соғысқанын алға тартты. Ал Әзербайжан та­рапы үлкен жауын­­герлік дая­рлықпен келген: ұрыс даласында заманауи қару үлгілерін, израильдік пи­лотсыз ұшақ­­­тарды қолданды, Түр­кияның ең үздік нұсқау­шылары бағыт-бағдар берді. Армяндар «Ресей қол ұшын береді, араша болады» деп қатты үміттенген көрінеді. Алпауыт көр­ші үнсіз қалды. «2016 жылғы сәуір соғысынан кейін қозғалып кеткен пойыздың арынын тоқтату мүмкін емес еді. Қазір көбісі білгішсініп, «ол пойыз­­ды Ресей бағытында жасал­­­ған қа­дамдармен және ресейшіл сая­­­­сатпен тоқтатуға болатын еді, біз­­дің үкімет керісінше, Ресейден ір­гесін аулақ салумен болды» деп күстәналайды. Алайда өмір шын­дығы мүлдем басқаша еді. Біз осы кезең бойы Ресеймен бірге болдық (Армения Еуразиялық одаққа мүше). Армения үкіметі 2019 жы­­лы Сирияға саперлар мен дәрі­герлерді аттандыру туралы шешім қабыл­дады. ...Сирия мен Ук­раина­дағы жағдай кесірінен Ресей мен Ба­тыстың қарым-қатынасы ушығып кетті. Ресей санкция­лардың ас­­­­­­тын­да қалды. Егер бұған дейін Ресей үшін негізгі әрі маңыз­ды қақтығыс ошағы – Оң­түстік Кавказ болса, 2015 жылдан кейін бағдар Қы­рымға, Донбасс пен Сирияға ауыс­ты. Осы ба­ғыттардың бәрінде Ресей­дің жауап­кершілігі артуда. Ендеше қанша жерден держава болса да, Ресейдің мүмкіндіктері шек­­­сіз емес. Әзербайжан осы мүм­­кіндікті өз пайдасына жаратып кетті», – деп аһ ұрады Никол Па­шинян. Демек, алпауыт көршісінің қол­­дауына сүйене алмайтын Ар­мения басшылығы біраз уа­қытқа дейін Тау­­­лы Қарабақ тақырыбын ұмытып, ішкі саяси дағдарысты шешу мәсе­­­лесіне бас ауыртатынға ұқсайды. Осы орайда Арменияның «Ме­­­­нің қадамым» атты билеуші күштер блогы ішкі тартыстың «шахмат тақ­­­­­тасында» тосын жүріс жасап отыр: ол сайлауға дейінгі үш айға толар-толмастай аз ғана уақыт ішін­де ел­­­­­дің Сайлау ко­­дексін өз­­­гертуге ұй­­­­­ғарды. Оған сәйкес, Ар­­мения Қа­­­­­­зақ­­­­­­­стандағы секілді про­­­порцио­­­нал­­­ды жүйеге көшуге ниет­­ті. Яғни, сай­­­­лаушылар жеке канди­даттарға емес, партия­­­лық тізімдерге дауыс беруі керек. Бұл ретте «Гүл­­денген Армения» және «Сауат­ты Армения» оппо­­зициялық фрак­­ция­­­­­­­­­­­­­­­лары пропор­­­ционалды сай­лау жүйесіне толы­­ғымен ауысуды қолдайтынын біл­­­­діріпті. Қолданыстағы заңнама бойын­­­­ша Армения парламентінің депу­­таттары аралас жүйемен сай­ла­­нады: бір бөлігі партиялық ті­­зіммен мандат алса, қалғандары «рей­­­тингтік жүйе» арқылы ірік­теледі. Нақтылай кетсек, сайлау­шылар тек партияларға ғана емес, олардың тізімдеріндегі жекелеген канди­­даттарға да дауыс береді. Нә­тиже­­сінде көп дауыс жинаған кандидат партияның шешімін күт­пей-ақ, бірден мандатқа ие болады. Ресейлік  саясаттанушы  Дмит­рий Тренин Мәскеудің үнсіз оты­руының себебін түсіндірді. «Арменияда қаққа жарылған, қақтығыстан шаршаған, келе­­шек­тен түңілген қоғамды рух­тан­ды­рып, өз айналасында бірік­тіре алар қуатты, тегеурінді күш жоқ. Егер ол пайда болса, Мәскеу дәл сол күшті салмақты серіктес әрі стратегиялық одақтас деп таныр еді. Әзірге ондай күш байқал­­майды. Таулы Қарабақта был­тырғы қарашада әскери қи­мылдар тоқтағалы бері Мәскеу өңір­­дегі ық­­­палынан айырылып қал­мау үшін өз алдына бірнеше міндет қойды. Оның ішіндегі басты­лары – Қарабақтағы атысты тоқ­татуды қамтамасыз ету, Ресей же­­тек­шілігімен армян-әзербай­жан диалогын іске қосу, Түркия­ның әс­кери рөлін шектеу бол­ды», – дейді сарапшы. Оның айтуынша, Мәскеуге Ереванда билік басында Никол Пашинян бастаған үкімет ары қа­рай қала бергені керек. Өйткені 10 қа­рашада соғысты тоқтатқан үш жақты мәлімдемеге сол қол қойды. Пашинянның «тақтан тайды­ры­луы» уағдаластықтарға қауіп төн­діреді. Әзірге, бес айға жуық мерзімде Қарабақ бойынша келісім орын­­далып жатыр. Армения және Әзер­байжан арасында ресейлік бітім­герлер орналасты, Ресей сөй­тіп Оңтүстік Кавказда екінші әс­кери базасын ашты (армения­лық Гюм­риде біріншісі тұр). Әзербай­жан­ның Агдам қаласында орыс-түрік мониторинг орталығы іске қо­сыл­ды. Баку мен Ереванның диа­логы зорға болса да жалғасуда. Бірақ соғыстағы жеңілістің жү­гін арқалаған Пашинянның рей­­тингі құлдырап барады. Оған қар­сылас күш – Қарабақты қай­тару ұранын көтерген бұрынғы прези­­денттер Роберт Кочарян мен Серж Саргсян да халықтың кең қол­дауы­на ие бола алмады. Армян қо­­­ға­­­мы­­­­ның Ресейден де көңілі қал­­ған сыңайлы. Елді тұйықтан кім шыға­рары бел­­­гісіз.

Айхан ШӘРІП