Аштық қаупі төніп тұр

Аштық қаупі төніп тұр

БҰҰ әлемнің 20 еліне аштық қаупі төніп тұрғанын мәлімдеді. Аталған мәселе былтыр да көтерілген-ді. Бұл жолы ұйым проблеманы шешудің амалдарын қарастырып, жағдайға жалпы шолу жасады. Деректерге сүйенсек, дүниежүзіндегі 34 миллион адам аштық салдарынан өлімге бір табан жақын тұр.

Мал терісі мен балшық талғажау

Ұйымның екі мекемесі аштық мәселесі туралы дабыл қағып жатқанына біраз уақыт болды. Атап айтқанда, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы мен Азық-түлік және ауыл­шаруашылық ұйымы бірнеше елдегі жағдайға бақылау жүргізген. Мәселен, Кон­­го Демократиялық Республикасында 19,6  мил­лион адам аштық апатын бастан кешір­ген. Оңтүстік Суданда аналар бала­­ларына өлген малдың терісі мен балшық жегізуге мәжбүр болған. Жалпы алғанда, әлемде 270 миллион адам аштықпен бетпе-бет келген. Зерттеулерге сүйенсек, дүниежүзінде әрбір тоғызыншы адам аштыққа душар болған. Мұның салдары денсаулыққа қауіп төндіріп, СПИД, безгек пен туберкулездің таралуына әкеледі. Одан бөлек, ғалам­­­­­шар­­дағы 2 млрд адам денсаулыққа қауіпсіз әрі қажетті азық-түлікпен қамтылмаған. Бұған солтүстік Америка мен Еуропа хал­қының 8%-ы кіреді. Жалпы, көпшілік аштық дегенде Африка елдерін елестетеді. Иә, аталған елде аштық деңгейінің өсіп жатқаны айдан анық. Бірақ Латын Аме­рикасы мен Кариб бассейні маңындағы елдерді де аш­­­тық жайлап жатыр. 2010 жыл­­дан бері батыс Азияда ашыққан тұр­ғындардың саны жыл санап көбейіп келеді. БҰҰ өкілдері осы мә­­селені тезірек шешіп, аштық таралуы мүм­­кін елдерді аман алып қалуды ойлап отыр. Қазір Ауғанстан, Нигерия, Йемен, Су­­­­дан, Оңтүстік Судан мен Сахел аймағын­да­­ғы жағдай нашарлаған. Таяу Шығыстағы Сирия мен Ливанға, Латын Америка­­­­сын­­­дағы Гаити сияқты мемлекет­­­терге ха­­лық­аралық ұйым­­­дардың көңіл бөліп, жағ­­­дайды оңтай­­лан­­­дыруға атсалысқаны керек. Өйтке­­­ні маман­­дар аштық мәселесі бар елдерде 34 млн адам өлімге бір табан жақын тұрға­нын айтқан.

5,5 миллиард  доллар  жәрдем

Мұндай мәселе туындағанда алдымен себебін анықтап, сосын шара қолда­­­на­ты­­­нымыз бар. Сондықтан аштықтың таралу себебін іздейтініміз белгілі. Әлемде болып жатқан қақтығыстар, экономикалық қиын­­­дықтар, климаттың өзгеруі мен пан­­демия салдары жүз мыңдаған адамның аяқ-қолына тұсау салды. Сәйкесінше, тұ­­рақсыздық ор­­­­нап, мәселе артынан мәсе­­­ле туындады. Мы­­салы, қақтығыс ор­­наған елді жұмыс­сыздық жайлады. Жұ­мыс­­сыз­­­дық аштыққа, аштық халықтың елін тастап, босқын бо­луына әкеледі. Осы тұста БҰҰ Бас хат­шысы Антониу Гутеррештің айт­­қаны бар. Ол қақтығыс аштық пен жоқ­шылыққа, аш­тық пен жоқ­­шылық қақ­­тығысқа әке­летінін айтқан. Мәселен, Йеменді ашаршылық жайла­­ған, азық-түлік тапшы. Елдің мұндай халге түсуіне 2004 жылы басталған азамат соғысы себеп. Мәлімет бойынша, биыл Йемендегі ашыққан халық саны 16 миллионнан асады. БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағ­­­дарла­­­масының бас экономисі Ариф Хусейн коро­навирус пандемиясы, валю­таның құнсыз­­дануы, босқындар мәселесі аштық­­тың етек жаюына әкелетінін атап өткен. Сондықтан кей елдерде тамаққан тарыққан халық жоқ­шылықтан қайтыс болып жатыр. Иә, пандемияның да әсерін жоққа шы­ғармаймыз. Өйткені індет жағдайы тұра­­лаған елдерді әбден титықтатқан. Әсіресе, азық-түлік бағасына, егін жинау науқанына әсер еткен. Әлем елдері «Қайт­сек эконо­­миканы тұралатпаймыз?» деп жоспар құ­­рып жатқаны хақ. Десе де, тұрмысы төмен елдердегі табыс көзін сақтап қалу маңызды. Бас хатшының мәлімдемесі де осындай пікірмен үндес. Оның айтуынша, аштық­тың алдын алу үшін гуманитарлық көмек көрсетіп, қажет деп көрсетілген 5,5 млрд дол­­ларды жинау қажет. БҰҰ өкілдері 2020 жылы миллиардерлер мен кәсіпкерлерді аштықтан қырылу қаупі бар 30 млн адамды құтқаруға шақырғаны да есімізде. Қазір адамзаттың басты мақсаты – аштық пен азық-түлік тапшылығының алдын алу.

Қандай көмек көрсетуге болады?

Мамандар қажетті қаражат пен гумани­­­тарлық көмектен басқа дәнді дақылдардың тұқымын жеткізу қажетін мәлімдеген. Одан бөлек жануарларға вакцина егу, ауызсу мә­селесі де күн тәртібінде тұр. БҰҰ мәлі­ме­тінше, гуманитарлық көмек болған күн­нің өзінде оны жеткізудің өзі қиындық тудыруы мүмкін. Сондықтан қауіп күшей­ген аймақ­­тарға көмек қолын созуды тез­деткен жөн. Жалпы, аштықтың алдын алу турасында бірнеше маңызды құжаттың бе­­­кітілгені бар. Алғаш рет 1996 жылы 182 ел аштықтың алдын алып, 2015 жылға дейін аш­­­құрсақ халықтың санын екі есеге қыс­­қартуға келіскен. Көп өтпей, 2000 жы­лы көш­­­басшы елдер мыңжылдық деклара­ция­­­­сын қабылдап, сегіз басым­дықты не­гізге ал­­­ды. Расымен, аталған декларация аш­­тықтың алдын алуға көмектесті. Атап айт­қанда, кедейліктің шегінде тұратын халық са­нын екі есе қысқарту межесі 2010 жылы орындалды. Дамушы елдердегі аштық мәсе­­лесіне тап болған адам саны да екі есеге қыс­­­­қарды. Мысалы, 1990 жылы әлемде әрбір төр­­­­тінші бала қажетті салмақ жинай алмаса, қазір әрбір жетінші балада осындай проблема бар. Әрине, мұнымен мәселе біткен жоқ. Декларацияның 2030 жылға дейінгі жос­пары бекіген. Басты назар ауыл шаруашы­­лы­ғы мен азық-түлік өнімдерін өндіруге аударылмақ. Нақтырақ айтқанда, ашаршы­лықтың алдын алып, халықты денсаулыққа қауіпсіз әрі қажетті азық-түлікпен қамту көз­­­делген. Бұдан бөлек, бірқатар жоба аш­­тықтың алдын алуға бағытталғанын біле­міз. БҰҰ да әлем елдерін көмек қолын со­зып, міндеттерді тең атқаруға үндейді. Олар аш­­­­тықтың алдын алу адамзаттың бірдей міндеті екенін қайталаудан жалықпайды.

Айзат АЙДАРҚЫЗЫ