Азық-түлік себеттері, бірінші кезекте қажетті тауарлар, сонымен қатар, ақшалай көмек өңірдегі аз қамтылған жандар мен көпбалалы отбасыларға берілді.
«Біздің облыстың әрбір ауданында партия мүшелері жүйелі түрде қайырымдылықпен айналысады. Мұндай көмек уақтылы әрі жүйелі көрсетілуі үшін ауылдық жерлерде тұратын тұрмысы төмен отбасылар қамқорлыққа алынды. Осындай күрделі кезеңде біз бірігіп, мұқтаж жандарға көмек қолын созуымыз керек», – деді Алматы облыстық мәслихатының депутаты, Nur Otan фракциясының мүшесі Римма Салықова.Айта кетсек, азық-түлік жиынтығын Панфилов ауданында – 100, Талғар ауданында – 24, Жамбыл ауданында – 10, Сарқан ауданында – 15, Алакөл ауданында – 30, Балқаш ауданында – 30, Талдықорған, Текелі және Қапшағай қалаларында 40 отбасы алды.