Ғалымдар коронавирустың жаңа толқындары неден туындайтынын анықтады. Дерттің жаңа штамдары пайда болған сайын оның таралуы тоқтамауы мүмкін. Зерттеу нәтижелері Scietific Reports журналында жарияланған.
Дейвистегі Калифорния университеті Ветеринария мектебінің ғалымдары коронавирустың жаңа толқындарының пайда болу себептерін анықтады. Олардың айтуынша, вирус үнемі өзгеріске ұшырап отырады және оның мутациясы пандемияның жаңа толқындарының туындауына себеп болуы мүмкін. Белгілі болғандай, Sars-Cov-2-де үнемі өзгеріп отыратын 15 ген бар, олар тез дамиды әрі жұқпалылық деңгейі жоғары.Генетиктер өткен жылдың 1 наурызынан бастап Азия елдеріндегі 150 Sars-Cov-2 штамының мәліметтерін жинап, талдау арқылы осындай қорытындыға келген."Сондықтан да коронавирустың жаңа толқындары туындап жатыр. Вирустың жаңа түрлері пайда болған сайын дерттің жаңа толқындары да тоқтамайды", - дейді зерттеу жетекшісі Барт Веймер.