Қырғызстанда қызды алып қашып, кейін көлікте буындырып өлтірген және өзіне қол салған жігіт өлер алдында туған-туыстарына хабарлама жіберіп қоштасқан.
Әлеуметтік желілерде Замирбек Тенизбаев ғашығын және өзін өлтірер бұрын анасы мен ағасына жіберген аудиохабарлама тарады, деп жазады «Вечерний Бишкек». Хабарламада ер адам жылап тұрып туыстарымен қоштасқан.Аудиохабарламада Айзаданың да дауысы шығады.«Мен оны қатты жақсы көремін, онсыз өмір сүре алмаймын. Ол менімен бірге тұрғысы келмейді. Бір ай күт деді, сосын тағы бір ай күтуімді сұрады. Енді оған сенбеймін», — дейді ол.
«Мен сенен күте тұруды сұрадым ғой», — дейді ол.Замирбек кейінгі күндері қызбен қарым-қатынасы қиындап кеткенін мойындайды. Ер адам "осындай ұл болғаным үшін кешіріңдер" деп бәрінен бірнеше рет кешірім сұраған.
Бұған дейін 7 сәуір күні Бішкектің маңында қойшы жоғалған қыз бен 36 жастағы ер адамның мәйітін көліктен тауып алғанын хабарлаған болатынбыз. Жігіт Ресейде үш рет жазасын өтеп шыққаны белгілі болды.