Жоғары санатты отоларинголог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Владимир Зайцев маскадан табылған "қара құрттарға" қатысты пікір білдірді, - деп хабарлады m24.ru. Зайцевтің айтуынша, маскада қара құрттар мен басқа да паразиттердің болуы мүмкін емес. Маман олар маскаға ауадан түсуі мүмкін деп топшылайды.
"Бұл қара құрттар емес. Маска сүзгі ретінде пайланылады. Егер көлік және басқа да ауа сүзгісін алып қарасақ, онда да қара дақтарды байқауға болады. Бұл шаң немесе басқа бөлшектер болуы мүмкін"- дейді ол.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі маскадан табылған "қара құрттарға" байланысты пікір білдірген болатын.