2 жасар қызымен бірге жоғалып кеткен келіншек Алматыдан табылды

2 жасар қызымен бірге жоғалып кеткен келіншек Алматыдан табылды

Қоғамдық қауіпсіздік кеңесінің басшысы Ислам Угушев бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен анасы мен екі жасар қызын Алматыдан тапқанын хабарлады.

Сәния Түсеева мен оның қызы Самира табылды. Алматы қаласы Жетісу АІІБ мен Алматы қаласы Полиция департаменті қызметкерлерінің кәсіби және жедел әрекеттерінің арқасында Сәния Түсеева туыстарының үйінен табылды, – деп жазды ол өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Әйелдің отбасынан кету себептері анықталып жатыр. 12 сәуірде Алматыда екі жасар қызымен анасы жоғалып кеткені туралы жазған болатынбыз.