Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус әлемде коронавирустың таралуына қатысты жағдайды алдағы айларда шешуге болатынын айтты. Бұл туралы ДДСҰ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
«Бізде, егер дұрыс қолданатын болсақ, бірнеше ай ішінде осы пандемияны бақылауға алуға болатын құралдар бар», - деді ДДСҰ басшысы.Гебрейесустың айтуынша, коронавирус 25 пен 59 жас аралығындағы адамдар арасында көп таралып жатыр.