Американың диетолог мамандары жұмыртқа әзірлеудің адам денсаулығы үшін аса зиян әдістерін атады, - деп хабарлайды Greenqazaqstan.kz.
Диетолог Катерина Басбаум жұмыртқаны майға қуыруға болмайтынын айтады.«Жұмыртқада май аз, есесіне ол ақуызға бай. Бірақ сары май қосқанда құрамындағы қаныққан май мөлшері арта түседі. Ал майға қуырылған жұмыртқаны жеу — жүрек ауруларына шалдықтыруы мүмкін», — деді маман.Сондай-ақ, кокос пен бекон майын немесе кассеролдағы жұмыртқаны әзірлеу де түрлі ауруға шалдықтырады. Тағы бір диетолог Ребекка Вашута жұмыртқаны аса жоғары температурада қуырудан аулақ болу керегін ескертті.
«Өйткені температураның жоғарылауы әсерінен майдың қышқылдануы артады», — деді диетолог.Бұл өз кезегінде ағзадағы қабыну процестеріне алып келеді.