27 жыл отасқан екеуінің ажырасатыны туралы bbc.com жазды.
[caption id="attachment_134116" align="aligncenter" > Фото: Билл Гейтс Twitter-дегі парақшасынан скриншот[/caption] Билл Гейтс әйелі Мелиндамен 1980 жылдары танысқан. [caption id="attachment_134121" align="aligncenter" > Фото: www.llimpressions.com[/caption] 2000 жылдары әйелі екеуі қайырымдылық қорын құрған. Forbes-тің дерегінше, Билл Гейтс Жер шарындағы ең бай төрт адамның бірі.Билл Гейтс Twitter-дегі парақшасында: «Көптен бері ойланып-толғанып ажырасу туралы шешімге келдім. Біз 27 жыл бірге, бір шаңырақ астында үш баламызды өсірдік. Қайырымдылық қорымызды құрып, адамзатқа көмектестік. Ажырасқаннан кейін де игі істер жалғасын табады. Бірақ енді ерлі-зайыпты ретінде бірге өмір сүре алмайтынымызға көзім жетті», – деп жазды.
Бұған дейін Билл Гейтс адамзатты жаңа пандемияларға дайын болуға шақырған еді.