Бұл студентің анасы Қазандағы мектепте оқ жаудырған Ильназ Галявиев пен оның ұлы бір сектада болған деп есептейді. Бұл туралы ол Инстаграм-дағы парақшасында айтты.
Қазан тұрғыны Наталья Андреева ұлына қатысты істі қайта қозғатпақшы. Ол баласының басынан өткен істі Ильназ Галявиев қайталағанын айтты.
Бұл жігіт ешкімді атпаған, бір жыл бұрын тек өзін-өзі атып тастаған. Оқиға 10 мамырда болған. Әйелдің айтуынша, Галявиев 10 мамырда өзін-өзі атуы тиіс еді, алайда бұл күн демалыс болған. Сондықтан келесі күні қылмысқа барған. Натальяның ұлы – Данил Галявиев оқыған колледжде одан бір курс жоғары оқыған. Ол да өзін құдаймын деп атап, ішінде құбыжық оянғанын айтқан. Бірақ біреулерді өлтіруге қолы бармаған секілді.
Данилдің анасы жасөспірімдерді "Синий кит" секілді деструктивті ұйым азғырады деп есептейді.
Бұған дейін осы жігіттің қолынан қаза тапқан 25 жастағы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Эльвира Игнатьеваның ажал құшарын білгендей жазған жазбаларын жариялаған болатынбыз.