Мәскеуде мектепте оқушыларды атпақ болған тағы бір жасөспірім ұсталды, - деп жазады Life Shot Telegram-каналы. 16 жастағы Матвей жоспарын 15 жастағы құрбысына айтқан. Зәресі ұшқан қыз естігенін анасына айтып берген. Әйел полиция шақырған.
"Матвейдің үйіне полиция дереу жетті. Жігіт өзінің әзілдегенін, ондай жоспары жоқ екенін айтқан", - делінген хабарламадаАлайда жоғары сынып оқушысы тұратын пәтерден пневматикалық автомат; пневматикалық тапанша; "РС-31" маркалы "Жевело-Н" револьвері ; гранатометтің бос мойыны табылды. Қазандағы мектепте оқушыларға оқ жаудырған 19 жастағы Ильназ Галявиевтен жауап алу сәтінде не айтқанын жазған болатынбыз.