Көкшетауда ұшты-күйлі жоғалған қыз көшеден табылды

Көкшетауда ұшты-күйлі жоғалған қыз көшеден табылды

Осыдан 3 күн бұын жоғалған қыз үйіне сол күйі оралмапты. Алғашында құрбыларымен қыдырып жүрген шығар, аздан соң келеді деп үміттеніп, еш алаңдамаған.

Алайда арада біршама уақыт салып, 21 мамыр 23.30-да Көкшетау қалалық полиция басқармасының «102» телефонына қоңырау шалып, 15 жастағы қызын іздеуге шара қабылдауды сұраған.

«Полиция қызметкерлері дереу қаланың түкпір-түкпірін аралап, жоғалған қыздың жақын-жуықтары мен туған-туыстарын түгел сұрастырды. Қала көшелеріндегі барлық камералар қаралды. Нәтижесінде қыз бала қала көшелерінің бірінде жүрген жерінен табылды. Оған қарсы ешқандай заңға қайшы әрекеттер жасалмаған», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Кәмелет жасына толмағандар бөлімінің қызметкерлері қызбен әңгімелескен. Полиция қызметкерлері кәмелет жасына толмағандарға барынша назар аударып, оларды қараусыз қалдырмай өзара тіл табыса білу қажеттігін ескертті. «Көп жағдайда ата-аналар мен жақын таныстары туыс-туғандары жоғалған сәтте бірден хабарламайды. Бұл адамды іздеуде елеулі қиындықтар тудырады. Сондықтан уақытты тиімді пайдалану үшін өз бетінше іздеместен бірден полицияға жүгінген жөн екенін есте сақтаса дейміз», – дейді полиция департаментінен.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы