Ресейдің Моздок ауданында тоғызыншы сынып оқушысының өлімі бойынша жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, деп жазады region15. Аудандық әкімшілік хабарлағандай, қыз аудиторияға кірмей тұрып өзін нашар сезінген. Кезекші дәрігер оған көмектеспек болған, алайда ол ауруханаға бара жатқанда жан тапсырды. Mash Telegram-каналының мәліметінше, оқушы жүрек талмасынан көз жұмған. Қыздың жүрегінде бұған дейін де кінәрат болған болуы мүмкін. Басылымның дерегінше, оқушы қыз емтихан алдында қобалжып, үш күн бойы тамақ ішпеген. Күннің ыстығы да денсаулығына кері әсер еткен болса керек. Мемлекеттік емтиханды ресейлік оқушылар тоғызыншы сыныпты бітіргеннен кейін тапсырады.