Қазанда жас бала көлікке оқ атып, жүргізушіні жарақаттады. Қазір полиция күдіктінің жеке басына қатысты мәліметті анықтады. Оның суреті әлеуметтік желіге жарияланған. Бұл туралы trt-tv.ru. жазды. Оқиға 29 мамырда болған. Зардап шеккен жүргізушінің айтуынша, ол үш жас баланы Қазанға жақын орналасқан Дербышки ауылынан Лушников көшесіне дейін апарған. Бірақ келгеннен кейін олар жолақысын төлеуден бас тартып, жанжал шығарған. Сол кезде жасөспірімнің бірі тапаншаға ұқсас затты алып шығып, жүргізушіге қарай оқ атқан. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Жүргізушінің әйелі болған жағдай туралы әлеуметтік желіде айтып берген. Жүргізушінің өзі жарақат алған. [caption id="attachment_141723" align="alignnone" > Фото: trt-tv.ru[/caption] Шабуыл жасаған жас баланың бірі анықталды. Ол 2005 жылы туған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.