Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы тұр.
«Сары» аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары.⠀ «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары. Дүние жүзі бойынша Қазақстан «сары» аймақта тұр.