Су үшін бөлінген миллиондар қайда?
«Айқын» ақпарат
/ 11.06.2021
Су үшін бөлінген миллиондар қайда?
Сонымен, сектор меңгерушісінің айтуынша, бүгінде Зағамбар ауылында су жеткілікті. Тек көлемі аз. Ал тұрғындар бұлақтан емес, ұңғымадан су ішеміз деп бұлқынып отырған секілді.
Сондай-ақ «Леңгір су» мекемесінің инженері Айтпай Тәжібаев бұлақ көздеріндегі судың тартылып жатуына орай барлық жерде су көздерінің азайғанын растайды. «Зағамбар ауылында қазір су бар. Алайда тұрғындар есігінің алдындағы егісті суарып, су көлемін азайтып отыр. Оларға колонкамен суара салған оңай. Жалпы, ауызсу тек ішу үшін пайдаланылуы керек. Сәл газ колонка жанбай, судың қысымы төмендеп қалса шулап кетеді. Егер олар тек ауызсуға пайдаланса, суымыз жетер еді», – дейді су жеткізуші мекеме өкілі.
Ауылға су келгелі проблема басталған
Ал зағамбарлықтар не дейді? Олардың да уәжін тыңдап көрелік. Рас, ауыл шетіне үлкен-үлкен екі ұңғыма қойылыпты. Өкінішке қарай, Мадина айтқандай салынғанына 2 жылдан енді асқан ұңғымалар қаңырап тұр. Одан әріректе сонау 70-жылдары тартылған бірнеше бұлақ көзі бар. Бүгінде құбыр соған жалғаныпты. «30 жыл бұрынғы өміріміз қандай болса, дәл қазір де солай өмір сүріп отырмыз. Мына халық 360 миллионның пайдасын көріп отырған жоқ. Қайта сол кездегі өміріміз дұрыстау еді. Ең болмаса суымыз сағатымен, уақытымен берілетін. Үйреніп қалғандықтан дер кезінде суды толтырып алып отырушы едік. Ол кездерде ауылда ұзын-ұзын 4 көше болған. Қазір 11 көше. 1 000 шақты түтінде 5 000-ға жуық тұрғын бар. 2018 жылы ауылға таза ауызсу келгелі проблема басталды», – дейді ауыл тұрғыны Ерман Майлыбаев.
Бір қызығы, жаңа салынған ұңғымадан 200 метр қашықтықта арнайы қазылып, құбыр орнатылған бұлақ көзінен су шығып тұр. «Бұл сонау 70-жылдары 250 метр тереңдікте қазылып, құбыр қойылып қалып кеткен. Кейін ауылдың балалары әр нәрсемен бекітіп тастаған болатын. Қазір өзінен-өзі су шығып тұр. Демек, су тартылып кетті дегенге сену қиын. Осынша тереңдікте қазса су шығар еді. 5 мамыр күні аудан әкімінің қабылдауында болып, ауылдағы су мәселесін, мердігер компанияның қазуы тиісті орыннан ауытқып кеткенін және мына бұлақ көзін де айтқанмын. Ұңғыманы осы жерден немесе қасынан қазу керегін айттым. Сонда суға жауапты бөлім басшысына мердігер компанияны сотқа беруді тапсырған. Сөйтіп, арнайы өкіл жібертіп, мына шығып тұрған суды да көріп кеткен. Алайда одан бері 1 айдан асып кетті. Тым-тырыс», – дейді ол.
Мал түгілі адам ішетін су жоқ
Ауыл шетінде Бадам өзенінен өтетін ағын су бар екен. Тұрғындар егістікті сонымен суғарады. Ал шілдеде ол су да тоқтап, одан сайын тамшы судың зары өтеді. Ауыл тұрғыны Жандос Аталбеков үйіне су толтыратын бөшке орнатып алыпты. Алайда бір аптадан бері тамшы су ақпапты. Құбыр кеуіп тұр. Жинап алған су да таусылыпты. «Ауылға ауызсу келген соң ескі құбырдың барлығы бұзылған. Болмаса сол көшедегі ескі құбырдан да аздап су алуға болар еді. Қазір кімнің үйіне баратынымызды білмей қалдық», – дейді ол.
Тіпті, колонкадағы ауа есепшотты да айналдырып жіберетінін айтып ашынды ауылдықтар. Ал колонканы ашып қоймаса тағы болмайды. Себебі тамшы судың қай кезде беріліп қалатынын ешкім білмейді. Міне, зағамбарлықтардың зары – осы. Ал кабинетте отырған биліктің жауабы мүлдем бөлек. Әкімге, жоғары жаққа берілетін жауаптың түрі жаңағыдай. Алайда аудан әкімі Төлеген Телғараев 5 000 тұрғыны судан қақталып отырғанда жағдайды көзбен көрмей, қалай шыдап отыр екен деген ой келеді.
Назгүл НАЗАРБЕК,
Шымкент қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«Табиғи жолмен бала көтере аламын»: Баян Алагөзова жақында туған екі сәбиі...
Жаңалықтар
Олжас Абай мен Дариға Бадықова үйленді ме?
Жаңалықтар
"Менің тыныштығым": Айгүл Иманбаева күйеуімен түскен жаңа суретін жариялады
Жаңалықтар
«Ер жігіттің басына не келіп, не кетпес»: Жанқош Тұраров өзі туралы даулы ж...
Жаңалықтар
"Ұлдарым қыз асырап алайық дейді": Ләйлә Сұлтанқызы тағы да балалы болуға қ...
Жаңалықтар
“Суық хабар үсті-үстіне келіп жатыр“. Бағлан Әбдірайымов қайғылы хабар көбе...