Қазақтың парадоксы: ұлы далада жер жетпейді
«Айқын» ақпарат
/ 11.06.2021
Қазақтың парадоксы: ұлы далада жер жетпейді
© коллаж: Еркебұлан Дүйсеболатов[/caption] Бесіншіден, әкімдіктер бармақ басты, көз қысты тірліктерге жол бергендіктен, жерді туысқан, тамыр-таныс арасында талан-таражға салғандықтан, бақылауды әлсіретіп, күтімін келістірмей, жерді деградацияға ұшыратқандықтан, «жерді пайдалануды және қорғауды мемлекеттік бақылау функциялары» жергілікті атқарушы органдардан алып қойылады. Бұл құзыр енді Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетіне беріледі. Айта кету керек, бұрын осы функцияны АШМ орындап келген. Бірақ министрліктің тиімсіз тірлігі жер саласында түйткілдердің қордалануына соқтырды, сала былыққа батты. Содан Үкімет «әр елді мекенде жердің кімге аса қажет екенін, оны кім ұқсатып, ұтымды пайдалана алатынын, ал кімнің қырсыз екенін жергілікті әкімнен артық кім біледі?» деген тоқтамға келіп, 8 жылдай бұрын сала тізгінін әкімдіктерге тапсырды. Арты не болды? «2013 жылмен салыстырғанда жергілікті атқарушы органдардың жерді пайдалану мен қорғау саласында жүргізген тексерулерінің саны 2,6 есе қысқарған. Анықталған ереже бұзу деректерінің жойылуы 4,5 есе азайып кеткен. Ал субъектілерді іріктеп тексеру жоққа тән. Ал шағым саны өсуде: тек жер мәселелері бойынша 2019 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігіне жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекетіне шағымданған 3 614 өтініш түсті. 2018 жылы 1 613 болған» деп мәлім етті АШМ. 2019 жылғы 5 маусымда Бас прокуратураның Премьер-Министр Кеңсесіне жолдаған заңбұзушылықты жою туралы ұсынысында «прокуратура органдарының ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлердің 9,6 миллион гектарын анықтағаны» айтылады. Алайда облыстар мен үш мегаполистің әкімдіктері 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша осындай 2,2 миллион гектар жер ғана бар екенін айтады. Не таба алмаған, не іздемеген, не жасырып отыр.
Ұлан-байтақ далада жер тапшы
Мемлекет басшысы 2021 жылғы 13 мамырда қол қойған жаңа заң 2016 жылдан бері күшінде болған мораторийды тоқтатқаны мәлім. Бірақ жаңа заң өмірге жолдама алғаннан кейін Жер кодексінің қандай нормалары күшін жоятынын, қайсысының сақталып қалатынын сарапшылар мен журналистердің өзі ұғына қоймады. БАҚ сұрауына орай Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров түсініктеме берді. «Жаңа заңға сәйкес, Жер кодексінің 24-бабы 2, 3 және 4-бөлімдерінің, сондай-ақ 97-баптағы 6-бөлімнің 1) тармақшасының күші уақытша тоқтатылады. Яғни, біріншіден, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді Қазақстан азаматтарының және еліміздің заңды тұлғаларының жекеменшігіне беру туралы норма 5 жылға тоқтатылды. Екіншіден, мемлекеттен кадастрлық құнына, жеңілдікті бағамен жекеменшікке сатып алынған ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты мәміле жасасуға уақытша тоқтау салынды. Үшіншіден, ауыл шаруашылығы жерлерін жекеменшікке сатып алу сомасын бөліп төлеу уақытша доғарылды. Төртіншіден, ауыл жерлерін жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу, бақша шаруашылығын дамыту және саяжай құрылысы үшiн жекеменшікке беру уақытша тоқтатылды», – деді АШМ басшысы. Бұл ретте аталған нормалар тоқтатылған кезеңде ел азаматтарына және шетелдіктердің үлесі жоқ заңды тұлғаларға шаруа қожалығын және фермерлік шаруашылықты жүргізу, ауыл шауашылығы өнімдерін өндіру, орман өсіру, бақша салу, мал өсіру үшін, сонымен бірге ғылыми-зерттеу, тәжірибелік және оқу мақсаттарына жер беріледі. Қазақстан азаматтары жерді 10-нан 49 жылға дейін уақытша пайдалануға ала алады. Бірқатар сарапшылардың байламынша, елде ауыл шаруашылығын өркендету үшін осының өзі жеткілікті. Тек өзі де пайдаланбайтын, өзгеге де бермейтін латифундистер жерді ұзақ жылға алып қоймауы керек. Алып қойса, тегеурінді түрде тартып алған жөн. Мемлекет басшысы айтқандай, бүгінде ауыл кәсібінің, өсімдік және мал шаруашылығының дүркірей дамуына жердің жетіспеуі кедергі болуда. Территориясы жөнінен әлемде 9-орынды алатын, жазық даласының ауқымы жөнінен төрткүл дүниеде алдыңғы қатарда тұрған Қазақстанда жер тапшы деген парадокстай естіледі. Қазір заң түзеліп келеді. Алайда тәжірибе түзелмесе, заңнама ұтымды орындалмаса, Қазақстан ары қарай да осы парадокстан зардап шеге бермек.
Айхан ШӘРІП
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«Табиғи жолмен бала көтере аламын»: Баян Алагөзова жақында туған екі сәбиі...
Жаңалықтар
Олжас Абай мен Дариға Бадықова үйленді ме?
Жаңалықтар
"Менің тыныштығым": Айгүл Иманбаева күйеуімен түскен жаңа суретін жариялады
Жаңалықтар
«Ер жігіттің басына не келіп, не кетпес»: Жанқош Тұраров өзі туралы даулы ж...
Жаңалықтар
"Ұлдарым қыз асырап алайық дейді": Ләйлә Сұлтанқызы тағы да балалы болуға қ...
Жаңалықтар
“Суық хабар үсті-үстіне келіп жатыр“. Бағлан Әбдірайымов қайғылы хабар көбе...