АҚШ Қазақстанда әскери базасын ашуы мүмкін бе немесе Халилзад елімізге неге келді?
Нұрмұхамед БАЙҒАРА
/ 16.06.2021
АҚШ Қазақстанда әскери базасын ашуы мүмкін бе немесе Халилзад елімізге неге келді?
14 маусым күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Ауғанстандағы татуластыру жөніндегі арнаулы өкілі
Бұдан бөлек, әскери база Қазақстанның өз саяси тәуелсіздігіне қауіп деуге негіз бар. Неге? Өйткені қандай да бір мемлекет сарбазының бәтеңкесі тиген жерде сол елдің сөзі жүруі мүмкін. Яғни, Қазақстан АҚШ-тың саяси ықпалына түседі деген қауіп те бар екенін ұмытпаған жөн. Себебі, АҚШ-тың келген жерінен шығуы қиын екенін кәрі тарих жақсы біледі. Бүгінде Америка әлемнің 70-тен аса елінде 800-ге жуық әскери база ұстап отыр. Жалпы, әскери база мәселесі бойынша келіссөздер бұрынырақ басталып кеткен сыңайлы. АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен 23 сәуірде Орталық Азия елдері Сыртқы істер министрлерімен онлайн кездесу өткізді. Ол кезде де аталған тақырып сөз болған шығар.
Көршілер не дейді?
Америка Құрама Штаттары Орталық Азия елдеріне әскери база ашу туралы ұсынысты алғаш рет айтып отырған жоқ. АҚШ пен НАТО 2001 жылы Ауғанстанға басып кіргеннен кейін көрші елдерде әскери база ұстау қажеттілігі туындады. Сол кезде де ұсыныс жасалған болатын. Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Тәжікстан түрлі себептермен өз территориясында НАТО әскерін орналастыруға келіскен болатын. Біріне Батыстың саяси, қаржылай қолдауы қажет болса, басқасы ауған жеріндегі «Талибанды» (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) жүгендейтін қуатты күштің келуіне мүдделі еді. Тек Қазақстан мен Түрікменстан өз жерінде әскери база ашуға не оны жалға беруге бас тартты. Бірақ «Солтүстік тарату желісіне» қосылды. Келісім бойынша, Каспий үстіндегі әуекеңістігі арқылы жүк тасуға рұқсат берілді. Алайда үш елдің АҚШ пен НАТО әскеріне шекарасын ашқанына өңірлік державалар Ресей мен Қытай қуана қойған жоқ. Сондықтан көп өтпей Шанхай ынтымақтастық ұйымы құрылып, Орталық Азия елдерінің басын біріктірді. Уақыт өте келе қырғыз, өзбек, тәжік жеріндегі Батыс әскери базалары да ақырындап жабылды. Аталған ұсыныс тек Қазақстанға жасалмайтыны бесенеден белгілі. Оған қоса, Қазақстан Ауғанстаннан алыс жатыр. АҚШ-қа Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Тәжікстаннан әскери өкілдігін ашқан анағұрлым тиімді, жері жақын әрі көрші жатыр. Ал енді бұл елдердің басшылары келісе ме? Қазір 2001 жыл емес, жағдай басқа. Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымы жұмыс істейді. Құрамында Ресей, Армения, Беларусь, Қырғыз Республикасы, Қазақстан, Тәжікстан бар. Осы ұйымның мүшесі бола тұра, соңғы үш ел АҚШ әскери базасын өз жерінде ашуға рұқсат беруі қиындау сияқты. Ресей тарапынан саяси қысым өте жоғары болатынын да жоққа шығара алмаймыз. Қытай да қарап қалмас. Бірақ Өзбекстан Ресеймен ортақ ешбір ұйымға (ТМД-дан басқа) мүше емес. Яғни, Ресейдің алдында пәлендей құқықтық міндеттемесі жоқ. Оған қоса, қазір экономикалық реформа жүргізіп жатқан Шавкат Мирзиёевқа Батыстың кешенді қолдауы қажет болуы мүмкін. Сондай-ақ үнемі қаржылай таршылық көретін Тәжікстан да Уашингтонмен келісімге келуі ғажап емес. Қырғызбен шекісіп қалған соң қолдау, көмек іздейді. Бір жағы, АҚШ әскері тәжік елінің қауіпсіздік кепіліне айналуы мүмкін. Өйткені «Талибан» қозғалысы ауған жерінде күшіне міне бастады. Екінші жағы, елін 27 жылдан бері үздіксіз басқарып келе жатқан әрі өз халқының алдында, әлемде саяси легитимдігі азайып келе жатқан ақсақал басшы Эмомали Рахмонға Батыстың қолдауы артық етпейді. Түрікменстан дәстүрлі бейтарап ұстанымынан айнымас.
Соңғы жауап.
Сонымен, аталған мәселе бойынша Қазақстан қандай шешім қабылдауы мүмкін? Меніңше, дипломатиялық тілде «астына атын мінгізіп, иығына шапанын жауып, арқасын қағып», жоқ деп айтуына тура келеді. Жоғарыдағы факторды ескерсек, қазақ елінің бұдан басқа жауабы жоқ. Сыртқы істер саласында сан жыл қызмет еткен тәжірибелі дипломат Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөздерде «жоқ» деген жауапты байыппен жеткізудің жолын білетіні анық.
Нұрмұхамед БАЙҒАРА
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«Босанғаннан кейін айтайын...»: Айгүл Иманбаева оқырмандарының сұрағына жау...
Жаңалықтар
«Туған күнімде қайғылы хабар естіп, мең-зең болып қалдым»: Алтынай Жорабаев...
Жаңалықтар
"Екі бірдей суық хабар келді": Айнұр Тұрсынбаева оқырмандарына жан сырын ақ...
Жаңалықтар
Халықаралық дзюдо федерациясы Елдос Сметовке ерекше сыйлық жіберді
Жаңалықтар
"Тұтқаны көтермесем, бітті": Зарина Омарова күйеуі туралы айтты
Жаңалықтар
Бағдат Сәмединова: Халық әртісіне ұсынылғанмын, бірақ бұйырмады